Ссылки доступа

Екі ресейлік жауынгерге шабуыл жасаған тәжікстандық "психикалық ауруға шалдыққан" деп табылған


Бохтардағы ресейлік 201- әскери база
Бохтардағы ресейлік 201- әскери база

Тәжікстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) еліндегі Ресейдің 201-әскери базаның екі жауынгеріне шабуыл жасаған адам "психикалық ауруға шалдыққан" деп мәлімдеді.

21 қыркүйекте Хатлон облысының әкімшілік орталығында Ресей базасының екі жауынгеріне шабуыл жасалған. Онда әскери қызметкерлер жеке шаруаларымен қалада жүрген.

Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы Умаржон Эмомали шабуыл жасаған адамның "психикалық ауытқуы бар адамдардың тізімінде" екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Хатлон облыстық прокуратурасы оқиға бойынша тергеу істерін бастаған.

ТАСС ақпарат агенттігі хабарлағандай, қазір зардап шеккен екі ресейлік әскер Душанбедегі ауруханада ем қабылдап жатыр.

Жексенбі күні Ресейдің Тәжікстандағы елшілігі ресми мәлімдеме таратып, оқиғаның тергелу барысын қадағалап отырғанын жеткізді.

Тәжікстандағы 201-әскери база Ресейдің ел сыртындағы ең ірі базаларының бірі болып есептеледі.

XS
SM
MD
LG