Агенттік мәліметі бойынша, президент жарлығы тәуелсіздіктің 28 жылдығы қарсаңында қабылданған. Түркіменстан тәуелсіздік күнін биыл 27 қыркүйекте атап өтеді.
Рақымшылық алғандар түрмедегі жазадан және босап шыққан соң белгілі бір мекенде ғана тұру жауапкершілігінен құтылады.
Құқық қорғау органдарына мерекеге дейін рақымшылық алғандарды бостандыққа шығару тапсырылған.
Түркіменстан президенті жылына бірнеше мәрте рақымшылық жариялайды. Президент мұндай жарлықты мерекеге және атаулы күнге орай қабылдайды. Биыл наурыз мерекесі қарсаңында ол 2028 адамға рақымшылық жариялады.
Түркіменстанда рақымшылық жиі жарияланатынына қарамастан, саяси тұтқындар бұл тізімге ешқашан іліккен емес.