Ссылки доступа

Арменияның экс-ішкі істер министрі үйінде өлі күйінде табылды


Айк Арутюнян
Айк Арутюнян

Арменияның ішкі істер министрі болған Айк Арутюнян Ереваннан 45 шақырым ауылдағыөз үйінде өлі күйінде табылған. Полицияның хабарлауынша, басына оқ тиген. Бұл жөнінде Азаттықтың армян қызметі хабарлайды.

Арутюнян 1999- 2003 жылдары ішкі істер министрлігін, 2003 - 2008 жылдары елдің полициясын басқарған. Ол Ереванда 2008 жылдың наурыз айында болған қақтығыстың куәгері болған. Сол кезде президент сайлауы нәтижесіне көңілі толмай, көшеге шыққан халыққа күш көрсетіліп, ондаған адам қаза тапқан. Бұл іс бойынша айыпталушылардың бірі – елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарян.

Соңғы оқиға бойынша оны өзін өлтіруге жеткізді деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG