Аргентиналық Эктор Купер былтыр тамыз айында ұлттық құрамаға бас бапкер болып тағайындалған.
Оның жетекшілігімен команда 2019 жылғы Азия біріншілігіне қатысып, 1/8 финалда Австралияға пенальтиден ұтылып, жарыстан шығып қалған.
«Өзбекстанның футбол ассоциациясы Эктор Куперге және оның штабына құрама командадағы жұмысы үшін ризашылық білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тілейді», - деп жазылған қауымдастық мәлімдемесінде.
Келісім-шартты бұзғаны үшін төленетін ақшаның көлемі айтылмайды. Әзірге Купердің орнына кім келетінін белгісіз.