Әндіжан автопаркінде жаңа бағыттың ашылу салтанаты өтті. Оған көршілес екі облыстың өкілдері қатысты.
Өзбектің алты шағын автобусы мен қырғыздың алты шағын автобусы жаңа бағытта қатынайды. Екі ел қоғамдық көлік шекарадан тез өту үшін "жасыл дәліз" ашуға келісті.
"Шағын автобустар жолаушыларға түнде де қызмет көрсетеді. Жолақы құны - 10 мың сум. Күн сайын 2 мың жолаушы қатынайды", - деді Әндіжан облыстық көлік басқармасының басшысы Уткирбек Машрапов.
Әндіжан мен Ош қалаларының арасы 45 шақырым.
Өзбекстан көлік министрлігінің хабарлауынша, 25 қыркүйекте Ташкенттен Қазақстанның Хоргос және Петропавл қалаларына жолаушы автобустары жолға шықты.