Ссылки доступа

Қырғыз ішкі істер министрлігі Оштағы атысты тексеріп жатыр


Қырғызстан ішкі істер министрлігі 22 қыркүйекте Ошта болған атыстан спортшы Тологон Рахманберди уулу ауруханаға түскенін растады.

Тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

22 қыркүйекте Кара-Суу ауданының Фуркат ауылында атыс болды. Азаттык радиосының дерегі бойынша, атыста жараланған спортшы Тологон Рахманберди уулу облыстық ауруханаға түскен.

Ресми расталмаған мәлімет бойынша, спортшыны аралас жекпе-жек шебері Кылыч Саркарбаев жаралаған. Қазір Саркарбаев Ош қалалық спорт комитетін басқарып отыр.

Бұл екеуі де EREM спорт клубында жаттығады.

1990 жылы туған Рахманберди уулу "Пирим" телеарнасына тапанша тазалап жатқан уақытта жараланғанын, Кылыч Саркарбаевты ақтап шыққан.

"Біз доспыз. Кешке оның үйінің жанында автокөлікте отырдық. Алтынбек пен Бекболот та болды. Бекболот тапанша тауып алғанын айтып, қарап бер деп өтінді. Мен тапаншаны қарадым, оқтаулы екен, абайсызда аяғымды жараладым. Жігіттер мені ауруханаға жеткізді. Мені Кылыч атты деген сыбыс тарады. Өтірік", - деді спортшы.

XS
SM
MD
LG