Ссылки доступа

"Үмүт2020" қозғалысы: Қырғызстанда журналстерге шабуыл елде демократияның дамуына кедергі келтіреді


"Үмүт2020" қозғалысы Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің операторы Айбек Кулчумановқа Ош қаласында жасалған шабуылды айыптады.

"Журналистерге шабуыл - Қырғызстанда сөз бостандығына жасалған қастандық. Ол елде демократияның дамуына кедергі келтіреді. Біз құқық қорғау органдарынан мұндай шабуылдарға шара қолдануын талап етеміз. Билік Ош қаласындағы оқиғаға қатысты әрекет етіп, журналстерді қорғасын" делінген қозғалыс мәлімдемесінде.

Еске салайық, 28 қыркүйекте Ошта белгісіз біреулер жұмыс бабымен жүрген "Азаттык" операторы Айбек Кулчумановтың техникасын тартып алған. Ол милицияға арызданған. "Тонау" қылмысына қатысты іс қозғалған. Бірақ екінші тарап та милицияға арызданып, үйінің ауласында басына дрон құлап түскенін, оның көмегімен Кулчуманов видео түсіргенін айтқан. Бірақ дрон операторға шабуылдағандар оның қолынан басқару тетігін тартып алған уақытта құлап түскен.

XS
SM
MD
LG