Ссылки доступа

NYT: Трамп Украинаның сайлауға араласқанына дәлел іздестіріп жатыр


The New York Times газетінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның қарамағындағылар Украинаға бұрынғы вице-президент Джо Байденге "компромат" табу үшін шүйлікпеген.

The New York Times газетінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп Украинаның 2016 жылғы президент сайлауына ықпал еткеніне дәлел іздеген. Газет АҚШ пен Украинадағы дереккөздеріне сүйенді. Трамп Демократиялық партия серверін әдейі бұзғанына дәлел тапқысы келген.

Трамп сайлаудағы басты қарсыласы Хиллари Клинтонның жоғалып кеткен хаттары сақталған сервер Украинада болуы мүмкін деп болжайды.

Трамп демократтар поштасының бұзылуын тексерген Crowdstrike компаниясын Украина президенті Владимир Зеленскиймен 25 маусымда телефонмен әңгімесінде еске салып өткен.

Газет мәліметіне қарағанда, Украинадағы белгілі бір күштер президент Трамп штабының бұрынғы басшысы Пол Манафортқа компромат болатын материал іздестіруге көмектескен. Манафорт Украинада жұмыс істеген еді.

Президент Трамп импичмент бастаған демократтарды айыптап, олардың бастамасының саяси астарын атап көрсетті. Демократтар онымен келіспейді. Өкілдер палатасының комитеттері мемлекеттік департаменттен әкімшіліктің Украина басшылығымен байланысы туралы құжаттарды сұратқан. Бұған қоса олар куәгерлер шақырды, олардың арасында АҚШ-тың Украина жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Курт Волкер де бар. Волкер жанжал басталған уақытта қызметтен өз еркімен кеткен еді.

XS
SM
MD
LG