Ссылки доступа

Душанбе Қытай компаниясының кен қазу көлемін азайтуына алаңдаушылық білдіреді


Тәжікстан үкіметі "Тәжік-қытай тау-кен өнеркәсіп" компаниясының кен қазу және өндіру көлемін азайтуына байланысты алаңдаушылық білдіреді.

Азаттықтың тәжік қызметі хабарлағандай, компаниядағы өндірістің қысқаруынан ел бюджетіне жоспарланған көлемде салық түспей қалуы мүмкін.

Компания қызметкерлерінің бірі өндіріс қысқартылғаннан кейін, жұмысшылардың бір бөлігі іссіз қалды дейді.

Соғды облыстық әкімшілігінің өнеркәсіп бөлімінің өкілі Озифхон Шарифзода Қытай компаниясында өндірістің қысқартылғанын растап, бұл бойынша үкіметке хабар айтылғанын мәлімдеді.

"Тәжік-қытай тау-кен өнеркәсіп" компаниясы 2007 жылы жаңа технологиялардың экспорты мен импорты бойынша Қытай компаниясы тарапынан жекешелендірілген "Алтынтопкан кен басқармасы" базасында құрылған. Компанияның жарғылық капиталы 30 миллион долларды құрайды. Ол Соғды облысында орналасқан "Солтүстік Зарнисор", "Алтынтопкан" және "Пайбулак" кендерін игеру лицензияларына иелік етеді. Аталған кендерде қорғасын және цинк бар.

XS
SM
MD
LG