Оның айтуынша, бұған қарамастан облыстың орталығы болып есептелетін Түркіменабад қаласындағы миграциялық қызметтің алдында кезек күткендер санып тым көп.
— Миграциялық қызметке өтініш беру үшін кезекте тұрып жатқан азаматтарға құжаттарды 2020 жылдың ақпан айынан бастап қабылдайтыны айтылып жатыр. Мекеме өкілдері өтінішті қабылдағаннан кейін, төлқұжат дайындауға тағы екі ай кететінін айтып жатыр.
Әзірге шетелге шығатын төлқұжат жасату үшін құжаттарды қабылдау тәртібі туралы Түркіменабад қалалық миграция бөлімінен пікір алуға мүмкін болмады.
Осыған дейін елдің Дашогүз облысындағы миграциялық қызметтің ғимаратында да кезек күткендер көбейгені хабарланған.