Ссылки доступа

Өзбекстанда мәжбүрлеп мақта тергізу проблемасын көтерген журналист тұтқындалды


Журналист Давлатназар Рузметов.
Журналист Давлатназар Рузметов.

5 қазанда Хорезм облысында "Жамият" газетінің тілшісі Давлатназар Рузметов ұсталған. Ол – мақта теру науқаны кезінде адамдардың құқығы жайында мәселе көтеріп жүрген журналист. Тілшінің ұсталғаны жөнінде оның зайыбы Ленинза Алиева хабарлады.

"Күйеуім сағат 11-лер шамасында маған звондап, өзін Үргенчтен құқық қорғау органдары қызметкерлері әкетіп бара жатқанын айтты. Әрі қарай телефон байланысы үзіліп қалды", - дейді журналистің әйелі.

Әзірге Рузметовтің не үшін ұсталғаны белгісіз. Хорезм облыстық ішкі істер басқармасы журналистер сұрағына жауап беруден бас тартты.

Ленинза Алиева жұбайын қайда әкеткенін білмейді. Телефоны сол күйі сөндірулі тұр дейді.

Есте болса, 2018 жылдың қазан айында Давлатназар Рузметов "бұзақылық" жасады деген айыппен жеті тәулікке қамалған. Сонда журналист өзінің кәсіби қызметі үшін сотталғанын айтқан.

Биыл қыркүйек айында Давлатназар Рузметов Facebook парақшасында әріптесі Махмуд Раджаб ұйымдастырған жаяу маршты тікелей көрсеткен. Олар 22 қыркүйекте Хорезм облысындағы заңсыздықтарды ішкі істер министріне жеткіземіз деп, Ташкентке жаяу шыққан.

XS
SM
MD
LG