Ссылки доступа

Душанбе жүргізушілері көлікте темекі шегуге, ішімдік ішуге тыйым салды


Душанбе жүргізушілерінің он процентке жуығы жолаушыларға көлік ішінде темекі шегуге, ішімдік ішуге, музыканы қатты қоюға және сезімдерін ашық көрсетуге болмайды деген ескерту іліп қойған.

"Мен мұндай ескертуді бірінші болып жапсырдым. Бір жолы көлікте жасы үлкен ер адам мен 15-16 жастағы қыз екеуі құшақтасып, сүйісе бастады. Мен оларға екі рет ескерту жасадым. Бірақ олар тыңдамай қойғандықтан, жолда түсіріп тастадым", - дейді Мухаммад есімді жүргізуші.

Бірнеше жыл бұрын Өнер институтының ректоры Аслиддин Низамов елде әдеп полициясын құру керек деп парламентке ұсыныс білдірген. Ректор полиция қоғамдық орындарда мәдениеттің сақталуын қадағалауы керек деген.

Тәжікстан зайырлы мемлекет, бірақ халықтың 98 проценті ислам дінін ұстанады.

XS
SM
MD
LG