Ссылки доступа

Ақ үй Трампқа импичмент мәселесінде Конгресске көмектесуден бас тартты

Президент США Дональд Трамп и спикер Палаты представителей Конгресса Нэнси Пелоси
Президент США Дональд Трамп и спикер Палаты представителей Конгресса Нэнси Пелоси

Ақ үй сейсенбі күні президент Дональд Трампқа импичмент жариялауға қатысты зерттеу аясында Конгресстегі демократтармен әріптес болудан ресми түрде бас тартты.

Америка халқы, Конституциясы, биліктің атқарушы билігі және болашақ президенттері алдындағы жауапкершілігін орындау үшін, президент Трамп пен оның әкімшілігі бірпартиялы және Конституцияға қайшы тергеуге қатыса алмайды делінген Ақ үй заңгері Пэт Чиполлинаның Өкілдер палатасындағы демократтарға жазған хатында.

АҚШ президентінің әкімшілігі "саяси сайқымазақ театрының қойылымына қатыспайды" деп мәлімдеді Ақ үй баспасөз хатшысы Стефани Гришэм. 2016 жылғы президент сайлауы нәтижесін жою мақсатын көздеген демократтар азаматтардың еркіндігі мен билік бөлінісі қағидаларын бұзып отыр. "Президент ештеңе бүлдірген жоқ, демократтар оны жақсы біледі", - деп мәлімдеді Гришэм.

Өкілдер палатасының спикері, демократ Нэнси Пелосидің мәлімдеуінше, Ақ үйдің импичмент мәселесінде Конгресспен жұмыс істеуден бас тартуына президент Дональд Трамп жауап береді.

Демократтар тергеуіне Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің телефон әңгімесі себеп болды. Трамп украин президентінен Джо Байданнің ұлына қатысты тергеу жүргізуін сұраған. Байдан 2020 жылы АҚШ президенті сайлауында Трамптың басты қарсыласы болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG