Мәселе қазір талқыланып жатыр. Бұл туралы экономика министрі Санжар Муканбетов 10 қазанда парламент отырысында мәлімдеді.
"ЕАЭО ортақ нарық ұсынады, бірақ оған мүше елдер өз нарығын қорғауға тырысады. Біз де әрекет етеміз", - деді министр.
Депутаттар автокөлікті кеденде рәсімдеу құны көтерілетінін естіген халық әбігерге түскенін айтқан. "Барлығы шетелден автокөлік әкеліп үлергісі келеді. Екі жыл бұрынғы жағдай қайталанып жүрмесін. Жұрт автокөлік әкеліп алып, сосын оның бағасы түсіп кеткен" деді депутаттардың бірі.
Биыл 31 желтоқсанда автокөлікке кеден жеңілдігі аяқталады. 2020 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ тарифі күшіне енеді. Сол себепті Мемлекеттік кеден қызметі қырғызстандықтарды үшінші елдерден автокөлік әкелуді ертерек жоспарлауын ескерткен.