Трамптың пікірінше, Конгресстегі демократтар республикалықтардың құқығын шектеп отыр, ал президенттің адвокатына тергеу материалдарын көрсетпеген. "Істің таза қаралауына мүмкіндік бермей отыр. Әділетсіздік. Адвокаттарды қатыстырмайды" деді Трамп.
Журналистер Трамптан АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденнің мәлімдемесіне пікір білдіруін сұраған. 2020 жылғы президент сайлауына түсетін Байден президентке импичмент жариялауын сұраған еді.
Байденнің рейтингі құлдырап барады деді Трамп.
Кейінірек АҚШ президенті твиттерде былай деп жазды: "Ұйқылы-ояу Джо Байденге жаның ашиды. Ол ұлы Хантермен бірге, америкалық салық төлеушілердің құқығын таптап, кем дегенде екі елді миллиондаған долларға тонаған, сөйте тұра маған импичмент жариялауын сұрайды".
Демократтар тергеуіне Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің телефон әңгімесі себеп болды. Трамп украин президентінен Джо Байданнің ұлына қатысты тергеу жүргізуін сұраған.
Сейсенбі күні Ақ үй Конгресс тергеуіне көмектеспейтінін мәлімдеді. Байден президентке импичмент жариялануын қалайды.