Ссылки доступа

2020 жылдан бастап Бішкектің қоғамдық көліктерінде электрондық төлем жүйесі енгізіледі (видео)


Бішкек қалалық муниципалдық қоғамдық көліктерінде электрондық билет жүйесі 2020 жылдың қаңтар айынан бастап енеді. Бұл жөнінде Бішкек қаласы әкімдігі хабарлады.

Алғашқы кезеңде электрондық жүйе қоғамдық көліктерде пайдаланылса, болашақта велосипедтерді жалға алу, театр және музейлерге кіру үшін де қолданылуы мүмкін.

Электрондық билеттер үш категорияға бөлінеді: зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдетілген карта, оқушылар және жеңілдігі жоқ карта. Егер картаны жоғалтып алсаңыз, оны бұғаттап қоюға мүмкіндік бар.

Карталар пошта бөлімшелерінде, мобилдік операторлардың кеңселерінде және ірі сауда үйлерінде сатылады.

Бішкекте 20 қыркүйектен бастап тестік режимде 10 троллейбус және 10 автобуста электрондық билет системасы енгізілген.

Бішкекте "Электрондық билет" жобасын тендерден ұтып алған швейцариялық BPC AG компаниясы іске асырып жатыр. Бұл компания қызметін 24 миллион 120 мың сомға (344 мың доллар) бағалаған.

XS
SM
MD
LG