Зауыт директоры Бақыт Борошевтың пікірінше, мемлекеттік органдар зауыт жұмысына кедергі келтіріп жатыр. "2017 жылы біз зауытты жалға алғанбыз. Жағдайым тым нашар болатын. Ешқандай құрал-жабдық болмады. Біз техникалар сатып алуға миллиондаған қаражат жұмсадық. Бұрын 46 жұмысшы істейтін болса, қазір 103-ке жетті. Біз жақсы салық төлейміз. "Элдик" кәсіпорны жалдау мерзімі аяқталған соң, бізді зауыттан шығарып жібермекші. 10 күн бұрын электр энергиясын сөндіріп тастады", - дейді Борошев.
Ереуілге шыққандармен Жалал-Абад вице-мэрі Майрамбек Адылбеков кездесті.
"Олар әкімдікке көшеге шығамыз деп арыз берді. Бірақ заңға сәйкес, 15 күн бұрын өтініш түсіруі тиіс. Сол себептен біз акция заңсыз деп, түсіндіру жұмыстарын өткіздік. Мәселені ушықтырмай, өздеруі шешуі тиіс еді. Екі тараптың кездесуіне жағдай жасадық", - деп атап өтті вице-мэр.
Аталған зауыт бұрын Кадыржан Батыровқа тиесілі болған. Ол 2010 жылғы маусым оқиғасы бойыншы айыпты деп танылып, сырттай өмір бойы сотталған. 2011 жылы оның барлық дүние-мүлкі тәркіленген. 2018 жылы Кадыржан Батыров 62 жасында Украинада дүниеден өтті. Оны Өзбекстанға жерлеген.