Ссылки доступа

Тәжікстанда студент көпқабатты үйден секіріп кетті (видео)

Ахмаджони Амир
Ахмаджони Амир

Куляб педагогикалық колледж студенті екінші қабаттан секіремін деп аяғын сындырып алған. Ахмаджони Амир осылайша әскери комиссариаттың қызметкерлерінен қашпақ болған. Оның сөзінше, өзін күштеп армияға алып кетпек болған.

Ахмаджони Амир екінші қабаттан секіруге мәжбүр еткен әскери комиссариат қызметкерлерін жауапқа тартқысы келеді. «Олар бәрібір мені ұстап, мекемеге жеткізіп, тексеруден өткізді. Сосын мені сынған аяғыммен көшеге тастап кетті. Мен үйге әрең жеттім. Тек келесі күні ата-анам ауруханаға алып барды», - дейді Ахмаджон.

1 қазанда Тәжікстанда күзгі әскерге шақыру басталған. Бұл қараша айының соңына дейін жалғасады.

Заңгердің айтуынша, жоғары оқу орнының студенттеріне қарағанда, колледжде оқитындар әскерге баруды кейінге шегере алмайды. Сол себептен олар әскерге бірінші аттанады.

Студент колледжа сбросился со второго этажа, чтобы избежать “облавы"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:47 0:00

XS
SM
MD
LG