Ссылки доступа

Түркіменстанның оңтүстігінде мектеп оқушылары кафеде қызмет көрсетуге мәжбүр


Туркменистан (архивное фото)
Туркменистан (архивное фото)

Түркіменстанда экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты, Мары қаласындағы орта мектептерде жоғары сыныпта оқитындар кафе-барларда жұмыс істеуге мәжбүр.

“Олар сабақтан соң кафелерге, барларға жұмысқа барады. Оқушы қыздар мен жігіттер банкет залдарында да қызмет жасайды" деп хабарлады Азаттық радиосы Түркімен қызметінің тілшісі.

Жұмыс берушілер оқушыларға бір күндік жұмысы үшін шамамен 40 манат ($ 11,4) төлейді.

"Кафе-барлардың қожайындары мектеп оқушыларының жасына қарамайды. Әдетте оларды сырт келбетіне қарап жұмысқа алады".

Ата-аналар оқушы балаларының жұмысқа шығуына қарсы емес, өйткені елдегі әлеуметтік жағдай өте төмен.

Түркіменстан еңбек кодексі бойынша, еңбек келісім-шарты 18 жасқа толғандармен ғана жасалады. Кәмелет жасқа толмағандармен жасалатын еңбек келісім-шартында жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспауы керек.

XS
SM
MD
LG