Ссылки доступа

Әзімжан Асқаров халықаралық ұйымдарға жүгінді


Өмірлік түрме жазасына кесілген Әзімжан Асқаров БҰҰ Жоғарғы комиссары Басқармасының аймақтағы өкіліне, Еуропа одағының Қырғызстандағы өкіліне, ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі орталығына үндеу жолдады.

Хатты Voice of Freedom қоғамдық қорының басқарма төрағасы Абдумомун Мамараимов таратты.

Асқаров №19 түзеу мекемесінің басшысы Н. А. Труспековтің заңсыз әрекеттеріне арызданған. Ешкіммен кездестірмейді, заңсыз айыппұл салады, зейнетақы төлемейді дейді Асқаров.

"Әлемдік қауымдастық Қырғызстаннан мені тез арада босатуын талап етсе, колония басшысы мені мазақ етіп жүр. Ол мені отбасыммен кездестірмейді" деп жазды Асқаров.

Әзімжан Асқаров Жалал-Абад облысында адам құқықтарын қорғаумен айналысты. 2010 жылы маусым оқиғасынан соң оны жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, милиция қызметкерін өлтіруге қатысты деп айыптады. Соттың барлық инстанциясы оны өмірлік түрме жазасына кесті.

2016 жылы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Қырғызстаннан істің қайта қаралуын талап етті. 2019 жылы іс сотта қайта қаралды, бірақ үкім өзгерген жоқ.

XS
SM
MD
LG