Уақытша тыйым салынған мұнай өнімдерінің қандай түрлері екені нақты көрсетілмеген. Сонымен бірге тыйымның аяқталатын мерзімі де нақтыланбаған.
Экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қырғызстанның бензин мен дизел отынына жылдық қажеттігі орташа 1 миллион 400 мың тоннаны құрайды. Жанармайдың 80 проценті Ресейден келеді.
2018 жылы бензинді заңсыз тасыған 73 факт анықталған.
2019 жылдың қаңтарынан маусым айына дейін тиісті құжаттары жоқ 5 777 тонна мұнай өнімдері тасымалданып келген.