Ссылки доступа

Ортаазиялық тасбақа Өзбекстанның Қызыл кітабына енгізілді

Ортаазиялық тасбақалар саны жылдан жылға азайып жатыр. Сол себептен Өзбекстан тасбақаны Қызыл кітапқа енгізді.

Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау және экология бойынша мемлекеттік комитетінің ақпаратына сәйкес, елде тасбақалардың өмір сүруіне қолайсыз аймақтардың аумағы 300 мың шаршы шақырымды құрайды екен. Соңғы 60 жылда ауыл шаруашылығы кеңейгеннен бері тасбақалар өмір сүруге қолайлы 1,5 млн гектар жер қысқартылған.

«Қазір дала тасбақаларын сақтап қалу мақсатында оларды Қызыл кітапқа енгіздік. Бірақ Ташкент базарларында тасбақа еркін сатылады. Оларды балаларына ойыншық ретінде сатып әпереді. Қазір осының бәрін қатаң бақылауға алып, сатушылар жазалануы тиіс», - деп атап өтілген мекеме таратқан мәлімдемеде.

Ортаазиялық дала тасбақалары (Agrionemys horsfieldii) Табиғатты қорғау халықаралық одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген. Соңғы 18 жылда 1 миллион 254 мың 100 тасбақа заңсыз және заңды экспортталған.

XS
SM
MD
LG