Ссылки доступа

Өзбекстанда тәрбиешінің балаларды ұрғанын видеоға түсіріп алған (видео)


Видеоны журналистерге жолдаған ата-аналардың айтуынша, Хорезм облысы Үргеніш ауданындағы №2 балабақшада тәрбиеші балаларды күнде ұрып келген.

Төрт жасқа дейінгілер бөлімінде тәрбиеші Севара Сұлтанова балаларды сызғышпен ұрып, қатты шымшыған, оларға тамақ берудің орнына ұзақ уақыт телефонмен сөйлескен. Бұның барлығы видеоға түсіп қалған.

Ата-аналар аудандық білім бөліміне шағымданғанымен, бұл әрекетінен түк шықпаған.

"Тәрбиешілерге шағымданған балаларды мұнда одан бетер жазалайды. Тәрбиеші бір қызға бір күн бойы тамақ бермей қойған. Үш жастағы балаларға үстел көтергізіп, оларға да тамақ бермей жазалаған" деді ата-аналардың бірі.

Тәрбиеші 20 баланы қараусыз қалдырып, сосын олардың барлығын жазалағаны видеоға түсіп қалған. Тәрбиеші балаларды сызғышпен ұрған.

"Баламның қолы мен аяғы үнемі көгеріп жүреді. Ол айтудан қорқады. Басқа да балалардың ата-аналары солай дейді. Біз балабақша басшысы Лайло Қадыроваға бардық. Бейнежазбаны көрсетуін талап еттік. 15 минуттық видеодан тәрбиешінің балаларды ұрғанын көрдік".

Басқа да видеожазбаларда тәрбиеші Сұлтанова тыныш отырған балаларды да сызғышпен ұрғаны анықталды.

XS
SM
MD
LG