Өткен аптада Тәжікстан астанасында ақындар мен зерттеушілердің халықаралық симпозиумы өтті. Оған Иранның қазіргі билігінің басты қарсыластары да келді. Бұл шараға тәжік президенті Эмомали Рахмон да қатысты. Душанбеге жиынға қатысқан ирандықтар бүгінде әлемнің әр елінде тұрып жатыр. Оларға Ираға кіруге тыйым салынған.
Тәжік зерттеушісі Хафиз Бобоёровың айтуынша, қазір қудалауда жүрген Иран ислам елінің оппозиционерлері Тәжікстанға зайырлы ел болғаны үшін қызығушылықпен қарайды.
Бірақ бірқатар сарапшылар бұл пікірмен келіспейді. "Олар Тәжікстандағы жағдайды дұрыс түсінбей отыр. Дәл осындай қатынас кезінде Иран режимін құлатып, ислам мемлекетін құруға әкелді. Ұлттық құндылықтар тек демократиялық қоғамда ғана жүзеге асады", - деп есептейді сарапшылар.