Ссылки доступа

Тәжікстанда мыңнан астам адам рақымшылықпен бостандыққа шықты


Бывших осужденных за воротами ждали родственники
Бывших осужденных за воротами ждали родственники

Тәжікстанда рақымшылық алған адамдардың алғашқы тобы бостандыққа шықты. Тәжікстан парламенті өткен аптада Конституцияның қабылдануына 25 жыл толуына орай "Рақымшылық туралы" заң жобасын бекіткен еді.

Явандағы түрмеден, Нуректегі әйелдер колониясынан, Душанбедегі кәмелет жасқа толмағандарға арналған түзеу мекемесінен 1060 адам бостандыққа шықты. Олардың арасында 165 әйел мен 60 кәмелет жасқа толмаған азамат бар.

Дүйсенбі күні рақымшылыққа іліккендердің екінші тобы босатылады.

25 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "Рақымшылық туралы" заңға қол қойды. Құжат 20 мыңнан астам адамды жазадан босатады.

Тәжік адвокаты Абдукаюм Юсуповтың айтуынша, заң кінәсін мойындағандарға ғана жүреді. Адам құқықтарын қорғаушылар "ар-ұждан тұтқыны" деп танығандар жазадан босатылмайды. Тәжікстан билігі елде саяси тұтқындар бар дегенді жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG