Ссылки доступа

Өзбекстанда 65 жұмыспен қамту агенттігінің 30-ы бірде-бір адамды шетелге жұмысқа жібермеген

Өзбекстанда азаматтарды шетелге жұмысқа жібере алатын жекеменшік 65 агенттіктің отызы бірде-бір адамға шетелден жұмыс тауып бермеген.

Олий Мажлис баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстанда жұмыспен қамтуға арналған 88 агенттік тіркелген. Олардың 65-і азаматтарды шетелге жұмысқа жібере алады.

Биыл 1655 адам жекеменшік агенттіктер арқылы шетелде жұмысқа тұрған, 77 адам республика аумағында жұмыс тапқан. 33 838 азаматқа кеңес берілген.

Биыл тамыз айында Ташкент, Самарқанд, Навои және Ферғана қалаларындағы сегіз жекеменшік агенттік тексерілді. Бұл агенттіктер азаматтардан шетелде жұмыс тауып береміз деген уәдемен ақша алып, оны орындамаған. Ақшаны қайтаруды талап еткен азаматтар сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG