"Амонатбанктегі" дереккөздің хабарлауынша, банктің екі қызметкері валютаны заңсыз айырбастаған деген күдікке қалған. Қазір олар тергеу абақтысында отыр.
Дереккөз мәліметі бойынша, бұл екеуі заңсыз қаржы операциясын бірнеше мәрте жасаған.
Агенттік банк қызметкерлерінің ұсталғанын растады, бірақ іске қатысты қосымша мәлімет беруден бас тартты.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон биыл 21 қаңтарда өткен үкімет отырысында "Амонатбанк" басқарма төрағасы Рухулло Хакимзоданы сынап, одан залдан шығып кетуін сұраған. Келесі күні Хакимзода қызметтен алынды.
Тәжікстан есеп палатасы ақпан айында "Амонатбанктің" бірнеше қызметкері мемлекет ақшасын талан-таражға салғанын анықтаған.