Ссылки доступа

Бішкекте милицияның күзет қызметі іске кірісті


Қырғызстан астанасында 31 қазанда Милицияның күзет қызметі басқармасы (МКҚБ) жұмысқа кірісті. Үкімет жоспары бойынша, жаңа қызмет болашақта Жол қозғалысы қоғамдық қауіпсіздігі бас басқармасын алмастырады. Әзірге бұл қызмет Бішкекте ғана жұмыс істейді.

2018 жылы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті реформалау басталғанын жариялаған. Президент аппараты жанынан жұмыс тобы құрылып, оған ІІМ өкілдері мен қоғам белсенділері кірген. Топ дайындаған реформа тұжырымдамасын үкімет бекітті.

Күзет милициясы жолдағы қауіпсіздікке жауап береді, 102 дабылына барады, ауданды күзетеді. Әрбір күзетке қаланың белгілі бір ауданы бекітіледі.

2020 жылға дейін жаңа қызмет Бішкек қаласында ғана сыналады. Ал аймақтарда бұрынғы жүйе жұмыс істейді.

Қырғызстанда күзет милициясы 2016 жылы да құрылған, бірақ бұл институт көп ұзамай жабылып қалды.

XS
SM
MD
LG