Ссылки доступа

Трамп "украин ісі" бойынша ақпарат берушінің кім екенін жариялауға шақырды


АҚШ президенті Дональд Трамп шілде айындағы Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон әңгімесін Конгресс өкілдеріне жеткізген арнайы қызмет өкілінің кім екенін жариялауға шақырды. Осы ақпарат Конгрессте оған қарсы тергеу басталуына себеп болып отыр.

Жексенбі күні Трамп құпия ақпарат берушінің "Бреннанның адамы екенін (Орталық барлау басқармасының директоры Джон), оның бұрынғы президент Барак Обаманың сенімді адамы екенін жариялады.

Ол ақпарат беруші өзінің кім екенін жариялауы тиіс деп жазды туиттерге.

Президент ақпарат беруші Зеленскиймен телефон әңгімені бұрмалап берді деп есептейді. Конгресстегі демократтар оны Украина президентінен өзінің алдағы сайлауда басты қарсыласы болатын Джо Байденнің ұлына қатысты тергеу жүргізуді тапсырды деп айыптап келеді. Кері жағдайда Украинаға әскери көмекті тоқтатамын деген.

Ақ үй жариялаған екі президенттің телефон әңгімелерінің стенограммасында "әскери көмекті тоқтатамын" деген сөз жоқ.

Жексенбі күні белгілі болғандай, ақпарат берушінің адвокаты оның республикашылдардың алдына келіп, сұрақтарына жауап беруге дайын екенін жеткізді. Бірақ адвокат ақпарат берушінің қауіпсіздігі үшін, ол туралы мәлімет жарияланбауы тиіс деген талап қойды.

XS
SM
MD
LG