Ссылки доступа

Мәскеуде теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қырғыз азаматы ұсталды


Мәскеудің Черемушка соты 1989 жылы туған қырғызстандық Талант Онуровты теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ұстаған. Тергеу комитетінің өкілі Юлия Иванова ол қылмысын мойындады деп мәлімдеді.

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі Мәскеуде теракт жасауға әрекет қылған деп ұсталған күдіктіге қатысты мәліметті тексеріп жатыр. Бұл туралы дипломатиялық өкілдік Азаттықтың қырғыз қызметіне хабарлады.

5 қарашада Мәскеудің Черемушка аудандық соты орталықазиялық 30 жастағы Талант Онуров атты азаматты қамауға санкция бергенін "Интерфакс" агенттігі жазған.

Күдікті 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG