Ссылки доступа

Өзбекстанда мақта науқаны кезінде тағы бір оқыс оқиға тіркелді


Иллюстративное фото.

Бұхара облысы Жандар ауданында ішкі істер бөлімі қызметкері басқарған автокөлік трактор тіркемесіне соғысып, соның салдарынан жарылып кетті.

Тергеу бөлімінің офицері Шохидбек Жумаев өртенген автокөлік салонынан шыға алмаған. Куәгерлердің айтуынша, "Равон" автокөлігі трактордың мақта тиелген тіркемесіне аса қатты жылдамдықпен соққан.

"Көліктің газ баллоны жарылып кетті. Мақта да, машина да өртеніп кетті. Милиция қызметкерінің соның ішінде өртенгенін көзіммен көрдім" деді куәгер.

Осы оқиғадан екі күн бұрын Жандар ауданында мақта терушілер отырған автобус "Матиз" автокөлігімен соғысып, арыққа түсіп кеткен. Ешкім зардап шекпеген.

Өзбекстанда жыл сайын мақта науқаны кезінде адамдар қаза табады. Биыл қазан айында мақта алқабында екі сарбаз опат болды. Оларды трактор басып кеткен.

XS
SM
MD
LG