Ссылки доступа

Өзбекстанда тәуелсіз журналисті көлік қағып, қаза тапты (видео)


Журналист Давлатназар Рузметов (Давлат Назар).
Журналист Давлатназар Рузметов (Давлат Назар).

6 қарашада Өзбекстанның Хорезм облысында сыни мақалаларымен белгілі журналист Давлатназар Рузметовті (Давлат Назар) көлік басып кетіп, ол сол жерде жан тапсырған.

В Хорезме машина насмерть сбила журналиста Давлатназара Рузметова
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:43 0:00

Әріптестерінің айтуынша, қайғылы оқиға болатын күні Давлат Назар екі досымен кафеде отырып, жазатын мақалаларын талқылаған. Одан кейін таксиге отырып, үйіне кеткен. Қазір журналистің таксиден қай жерден түскені және не үшін автомагистралға барғаны белгісіз.

Давлат Назар соңғы кездері өзінің соңынан аңдулар көбейгенін айтып, уақытша Ташкентте тұруды жөн деп шешкен. Бірақ бір апта бұрын Хорезмге қайтып келген.

Өлкенің бас прокуратурасы журналистің жол апатының құрбаны болғанын, бұл бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Соңғы мәліметке сәйкес, журналисті қағып кеткен такси жүргізушісі сұраққа шақырылып, қамауға алынған.

48 жастағы журналист осыған дейін Хорезм облысындағы "Жастар үні", "Хорезм жастары" газеттерінде істеген. Өмірінің соңғы жылдарында "Жамият" деген әлеуметтік-саяси газетте тілші болып жүрген.

Мұнан бөлек журналист Facebook әлеуметтік желісі арқылы елде болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғалар бойынша жеке көзқарасын білдіріп отыратын. Сыни мақалалары үшін соңғы екі жылда бірнеше рет қамалып шыққан. 5 қазанда мақта теруге мәжбүрлеп шығарғандар туралы мақала дайындау барысында, ұсталып, бес сағат бойы тергеліп шыққан.

XS
SM
MD
LG