Қырғызстанның төтенше жағдай министрлігінің дерегінше, жарылыс Шу және Еркіндік бульвары қиылысындағы дәмханада 8 қарашада түске дейін болған.
Куәгерлердің айтуынша, газ баллоны жарылған. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан түсірілген видеоларды жариялады. Facebook-та жарияланған төмендегі видеода дәмхананың жарылып, лаулап жанып жатқаны көрінеді.
Министрлік түстен кейін жарылыстан кейін өртенген дәмханадағы өртті сөндіргенін хабарлады.