Ссылки доступа

Боливия президенті отставкаға кететінін жариялады


Боливия президенті Эво Моралес үш аптаға созылған наразылық акциясынан кейін отставкаға кетінін жариялады. Ол жаңа сайлау өткізуге келісті.

Боливияда сайлау 20 қазанда өткен. Елдің Жогорку сайлау соты Эво Моралес 47 пайыздан көп, оның қарсыласы Карлос Меса 36,5 пайыз дауыс алды деп таныған. Бірақ сайлау кезінде заңдар бұзылды деп Меса сайлау қорытындысын мойындамай, екінші кезеңді өткізуді талап еткен.

Моралес оппозицияны мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырғалы жатыр деп айыптаған. Карлос Меса билікті айыптап, диалогқа келуден бас тартқан.

60 жастағы Эво Моралес Боливияны 2006 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG