Ұйымның Венада орналасқан кеңсесі Иран уранды байыту қорын көбейтуді көздеп отырғанын мәлімдеді.
Reuters агенттігі Тегеранның бұл позициясы 2015 жылы халықаралық келісімде көрсетілген шектеулерге қарсы келетінін атап өткен.
Иран билігі "ядролық келісім" деген атпен белгілі келісімнен АҚШ шығып кеткеннен кейін, жауап ретінде уран байыту істерін қалпына келтірген. Келісімге АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия және Иран қол қойған. Тегеран АҚШ келісімнен шыққаннан кейін кіргізген санкцияларды жоққа шығарса, келісімдегі талаптарды орындайтынын айтқан.