Ссылки доступа

Оңтүстік Корея Өзбекстандағы ауруханаларға 74 миллион доллар бөледі


Оңтүстік Кореяның "Эксимбанкі" Өзбекстандағы ауруханаларға озық құрал-жабдықтар орнату үшін 74 миллион доллар береді.

Өзбекстан сыртқы сауда және инвестиция министрлігінің 11 қарашада хабарлауынша, Ташкентте "Эксимбанк" өкілдерімен кездесуде әріптестік туралы хаттама қабылданды.

Жоба қызмет сапасын көтеруді көздейді. Өзбекстанның шалғай аудандарындағы 150 медициналық мекемеге озық құрал-жабдықтар, медициналық көмекші материалдар беріледі.

XS
SM
MD
LG