Ссылки доступа

Өзбекстан: Жағдайы нашар отбасыларға ұн мен нан үшін 63 мың доллар бөлінді

2019 жылы Өзбекстан үкіметі жағдайы нашар отбасыларға ұн мен нан үшін 604 миллиард сум ($63.5 мың) бөлді. Бұл туралы 13 қарашада Зейнетақы қоры хабарлады.

Нан бағасын бақылаудан бас тартқан үкімет жағдайы нашар отбасыларға ұн мен нан үшін бір айда бөлінетін қаражатты 22 300 ($2,3) сумнан 50 000 сумға ($5) көтерді.

Бұған қоса мұндай жәрдемақы алатындар санаты тоғыздан 11-ге дейін өсті. Соның нәтижесінде 2 миллион адам үкіметтен көмек ала бастады.

Зейнетақы қорының хабарлауынша, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың бірыңғай ортақ базасы бар, үкімет көмегін алатындар автоматты түрде анықталады.

"Көмекті банк картасы арқылы алатындарға ақша әр айдың басында автоматты түрде аударылады" делінген қор мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG