Ссылки доступа

Ферғана облысының басшысы сақалды шаруаға жеңілдікпен несие бергізбеді

Хоким Ферганской области Шухрат Ганиев.
Хоким Ферганской области Шухрат Ганиев.

Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиев сақал өсірген шаруаларды балағаттап, жиналыстан қуып шықты.

Азаттық радиосы Тәжік қызметі - "Озодлик" редакциясына хабарласқан шаруалардың айтуынша, 12 қарашада Ферғанадағы "Кәсіпкерлер орталығында" жиналыс болған. Облыс басшысы Шухрат Ганиев шаруалар мен кәсіпкерлерге жеңілдіктен несие беру арыздарын қараған.

"Шараны облыс басшысы Шухрат Ганиев жүргізді. Қоқан мен Маргилан кәсіпкерлері президент бағдарламасымен жеңілдігі бар несие алды".

Кәсіпкерлердің айтуынша, аймақ басшысы сақалды шаруалар мен кәсіпкерлердің ар-намысына тиген.

"Әлемнің әміршісі сезінетін шенеунік сақал қойған жергілікті бір кәсіпкерді жиналыстан қуып шықты. "Сенің жобаң тізімнен сызылды" деді Ганиев кәсіпкерге. Ол тағы бір сақалды жігітті қуып жіберді. Бұны қалай түсінуге болады?" дейді ферғаналық кәсіпкер.

Ол Ганиевтің сақал қойғандарды балағаттағанын жазып алған.

пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00
Загрузить файл

Бір минуттың аудиотаспада Шухрат Ганиев сақалды адамға шығып кетуін бұйырған. Бұған қоса ол көмекшілеріне оның сақалын қырып тастауды тапсырған.

Ферғана облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхаммаджон Обидов аудиотаспада сөйлеген адам Шухрат Ганиев екенін растады. Бірақ ол аймақ басшысы адамдардың ар-намысына тиді дегенді жоққа шығарды.

"Хоким екі күн бойы кәсіпкерлермен кездесті. Жиналысқа спорт киімімен, сақалмен, ұзан шашпен келгендер болды. Хоким оларға ескерту жасады" дейді Обидов.

Еске салайық, биыл қыркүйек айында Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиев қарамағындағыларға хиджаб пен сақалға қарсы науқан бастауды бұйырған.

XS
SM
MD
LG