Хабарламада қазандыққа қызмет көрсету жөніндегі шебер болып істеген ол адам 16 қарашада жұмыс орнында қаза болғаны ғана айтылған. Төтенше оқиғаның жай-жапсары туралы өзге ақпарат жоқ. Компания адам қазасына апарып соққан оқиғаны тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылғанын хабарлады.
Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, марқұмның денесі көмір салатын бункерден табылған.
6 қарашада АМТ компаниясының Қарағанды облысындағы "Саран" шахтасында бір шахтер жұмыс орнында қазаға ұшыраған болатын. Компания оны "жазатайым оқиға" деп атаған. Сол кезде де төтенше оқиғаны тексеретін комиссия құрылғаны жайлы хабарланған.