Ресейдің ақпарат құралдарының хабарлауынша, 15, 16, 17 және 19 жастағы жасөспірімдер "Пост Ковалево" станциясында ұсталды. 15 жастағы бозбаладан басқалары қамауға алынды.
Тергеушілер ұсталған жасөспірімдер Өзбекстан азаматына ұлтты жеккөру мотивімен шабуылдаған деп санайды.
Тергеу нұсқасы бойынша, олар 38 жастағы мигрантқа газ баллонын шашып, белгісіз суық қарумен кем дегенде бес мәрте ұрып, оның басынан тепкен. Одан соң мигранттың 7 850 рубль тұратын мүлкін алып кеткен.
17 жастағы күдіктінің шашы тықыр, спорт киімін киген, әлеуметтік желіде ұлтшыл Максим Тесакты дәріптейтін пабликтерге жазылған.