Ссылки доступа

Economist: қырғыз депутаты Жумалиевтің декларацияда көрсетілмеген 33 фирмасы бар


Парламент депутаты Кубанычбек Жумалиев Қырғызстанда тіркелген 33 фирманың тең төрағасы екені анықталды. Олардың жарымын депутаттың өзі басқарады. Жумалиев кезінде премьер-министр, көлік министрі қызметтерін атқарған.

Economist.kg басылымы мен "Декларатор" жобасы депутаттың табыс декларациясын тексерген. Заң бойынша, депутат Жумалиев кәсіпкерлік қызметпен шұғылдана алмайды.

Ол парламенттегі жұмысы кезінде екі декларация ғана тапсырған. Ал 2017 жылы декларация өткізбеген.

Әділет министрлігінің ашық мәліметер базасында депутат 33 кәсіпорынның тең төрағасы екені айтылған.

2016 жылы депутат болып сайланған Жумалиев сол жылы өзі атындағы физмат мектебін ашқан.

XS
SM
MD
LG