"Қытай азаматы Саймаитидің қазасын Қырғызстан қоғамы талқылап жатыр. Кейбір саяси күштер бұған депутаттарды, соның ішінде мені де айыптауға тырысып жатыр. Комиссия құрайық, зерттейік. Саймаити кім, ол Қырғызстанға қалай тап болды, оның достары мен қастары кімдер? Комиссия Түркия парламенті мен құқық қорғау органдарымен тікелей жұмыс істесін" деп мәлімдеді Сулайманов.
Оның ұсынысын басқа да депутаттар - Жанар Акаев пен Торобай Зулпукаров қолдады.
10 қарашада кешке Стамбул қаласында кәсіпкер Айеркен Саймаитиді атып кетті. Үш күдікті ұсталды. Олардың екеуі - қырғыз азаматтары.