Ссылки доступа

Өзбекстанда белгілі құқық қорғаушы қаза болды (видео)


Өзбекстанда белгілі құқық қорғаушы Талиб Якубов қаза тапты. Ол соңғы 12 жылдан бері Францияда босқында жүріп, былтыр отанына оралған.

Якубовтың туыстары оның 27 қарашада 79 жасқа қараған шағында Жизак облысындағы үйінде көз жұмғанын, соңғы айларда төсек тартып қалғанын айтады.

Өзбекстан адам құқықтары ұйымының негізін қалаған ол 2005 жылы Әндіжан оқиғасынан кейін елден қашуға мәжбүр болған. Өзбек билігі 2014 жылы оны азаматтығынан айырған.

2006 жылы Өзбекстанда Якубовқа қылмыстық іс қозғалған. Ол Францияда бас сауғалап жүрсе де, құқық қорғау ісін жалғастырған. Былтыр тамыз айында Өзбекстанның қазіргі билігі оны еліне қайтып келуіне рұқсат берді.

XS
SM
MD
LG