Ссылки доступа

Қырғызстанның "Құмтөр" кенінде екі жұмысшы із-түссіз жоғалып кетті


"Құмтөр" кенінде жұмыс істейтін екі жұмысшы қазу аймағында жер көшкеннен кейін із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы компания өкілі Марина Гаврилова мәлімдеді.

"Жексенбі күні ертемен Құмтөр кеніндегі участкелердің бірінде жер көшкіні жүрді. Бастапқы мәліметтер бойынша екі кісі жоғалып кетті. Қазір оларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Гаврилова.

"Құмтөр" - Қырғызстандағы ең ірі кендердің бірі. Ресми мәлімет бойынша, онда 4 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олардың ішінен 2 мың 678 қызметкер тау-кен компаниясымен келісім-шартқа отырса, 1092 адам аутсорсинг арқылы жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG