Ссылки доступа

Душанбе басшысы Рустам Эмомали Өзбекстанға келді

Rustam Emomali
Rustam Emomali

Тәжікстан президентінің ұлы, Душанбе қаласының басшысы Рустам Эмомали 3 желтоқсанда ресми сапармен Ташкентке келді.

Өзбекстан астанасы әкімшілігінің мәліметі бойынша, жоғары лауазымды қонақты әуежайдан Ташкент басшысы Жахонгир Артикхожаев күтіп алды.

Хоким Артикхожаев өзбек пен тәжік халықтарының бірнеше ғасырға созылған достығын атап өтіп, Ташкент пен Душанбе қарым-қатынасын дамытуға ниет білдірген.

Рустам Эмомали Ташкент қаласындағы өзгерістерге назар аударып, қала құрылысының дамуы қызықтыратынын айтқан. Бұған қоса ол келесі жылы Душанбеде Ташкент күндерін ұйымдастырғысы келетінін мәлімдеді.

Кездесу барысында екі елдің астаналары арасында сауда-экономикалық, мәдение-гуманитарлық жоспарлар туралы бірқатар құжатқа қол қойылды.

XS
SM
MD
LG