Ссылки доступа

Өзбекстандағы шағын станциялар Түркіменстаннан берілген электр қуатының көлемін көтере алмады


Түркіменстан Өзбекстанға электр қуатын бере бастады. Өзбек ұлттық энергетика компаниясының хабарлауынша, "Түркіменэнерго" 1 желтоқсанда 14,9 миллион кВт.с, ал 2 желтоқсанда 15,4 миллион кВт.с. электр қуатын берді.

3 желтоқсанда Өзбекстан ұлттық энергетика компаниясы аймақтардағы шағын станциялар Түркіменстан берген электр қуатының көлемін көтере алмай жатқанын хабарлады.

Соның салдарынан Самарқанд облысының бірнеше ауданында 3 желтоқсанда жарық төрт сағат өшіп тұрған. Электр желісі жөнделді.

Түркімен үкіметінің электр қуаты өндірісін арттыру жоспарына қатысты мәлімдемелеріне қарамастан, елде қыста жарық үнемі өшіп қалып жатады.

Түркіменстан электр қуатын негізінен көрші Ауғанстанға экспорттап отыр.

XS
SM
MD
LG