Ссылки доступа

Қазақстан президенті Қырымдағы жағдайды аннексия деп есептемейтінін мәлімдеді


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 4 желтоқсанда Deutsche Welle басылымына сұқбат беріп, 2014 жылдың наурыз айында Украинаның Қырым түбегі Ресейдің бір бөлігі болып қалғанына байланысты, бұл оқиғаны "аннексия" деп есептемейтінін жеткізді.

- Болған іс болды. Аннексия - Қырымға қатысты қолдануға тым ауыр сөз. Қырымда болған жағдайға қатысты бізде ешқандай қорқыныш болған жоқ. Себебі біздің Ресеймен қарым-қатынасымыз өте жақсы, - деді Тоқаев.

Ресей Украина жеріндегі Қырым түбегін 2014 жылдың наурыз айында әскерилер қатысқан "референдум" бойынша аннексиялады. Оның нәтижесінде түбектің Ресейге қосылуына Қырым сайлаушыларының 96,77 проценті және Севастопольдің 95,6 процент тұрғыны "дауыс берген".

Біраз уақыт өткеннен кейін отставкадағы адмирал, 1991-1992 жылдары Қара теңіз флотына қолбасшылық еткен Игорь Касатонов РИА Новости агенттігіне сұқбат беріп, Қара теңіз флоты Қырымды аннексиялау үшін плацдарм дайындағанын, сонымен бірге "мейірімді адамдарды" жеткізгенін мойындаған.

Халықаралық ұйымдар Ресейдің бұл әрекетін айыптап, Батыстың бірқатар елдері экономикалық санкциялар салды. Украина болса Қырымды әлі өз жері деп есептеп, түбі қайтарып аламыз деген сенімде.

XS
SM
MD
LG