Бизнес-джет бұған дейін ВТБ банктің құрамында болған Белиздегі компанияға тіркелген. Бұл мәлімет Алексей Навальныйдың 4 желтоқсанда жарияланған зерттеуінде айтылады.
Навальный бұл ұшақтың ұшуларын Медведеваның сапарларымен салыстырып, ұшақ Медведева барған жерге ұшып баратынын анықтаған. Ұшақтың Еуропаға және Нижегородск облысындағы әскери базаға жиі тоқтайтыны анықталған. Навальный кем дегенде 11 ұқсастық тапқан.
Кіріс декларациясына сәйкес, Ресей премьер-министрі 2018 жылы 10 миллион рубль тапқан. Светлана Медведеваның кірісі "нөл" деп көрсетілген. Бизнес-джетті жалға алудың әр бағасы кемінде 7-10 мың доллар тұрады.
Навальный премьер-министрдің жұбайына жеке ұшақ бөлінбегенін атап өткен. Ал бизнес-джетті қолдану коррупциямен байланысты болуы ықтимал деп есептейді.
Навальный журналистерді 5 желтоқсанда өтетін баспасөз мәслихатында Дмитрий Медведевке ұшақ туралы сұрауға шақырды.