"Жер астында метро құрылысының айналма жолының жиегіндегі 1,5 шақырымға созылған газ құбырларын алуға тура келді. Осыған байланысты күн салқында қаланың бірқатар аудандарында газ беру төмендеп кетті", - дейді компания өкілі.
Оның айтуынша, қазір құбырды жолдың қарсы бетіне көшіріп, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінге дейін 800 метр жерге газ құбыры төселген.
22 қарашада Ташкенттің Мирабад, Чиланзар, Сергели, Шайхантахур, Яккасарай және Учтепа аудандарында газ қысымы төмендеп кеткені байқалды.