Банк өкілінің айтуынша, қаражат мемлекеттік қана емес, жеке сектордағы жобаларға да берілген.
"2019 жылы 475 млн евроға келісім-шарт жасалды. Бұны өзбек үкіметінің реформаларының нәтижесі деуге болады" деді ол.
Қазір ЕДҚБ Өзбекстандағы 23 жобаға қатысып жатыр. Олардың жалпы құны - 726 млн евро. Соның 79 пайызы мемлекет бақылауындағы жобалар.
Орталық банк мәліметі бойынша, Өзбекстанның қарызы 2019 жылы маусымда 20,7 миллиард доллар болды.
Қаржы министрлігінің есебіне қарағанда, 2019 жылы күзде мемлекеттің жалпы қарызы республиканың ішкі жалпы өнімінің 33,6 пайызына жеткен.
Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, Өзбекстанның ішкі жалпы өнімі 2018 жылы 50,5 млрд доллар болды.